Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ештеңеге бейжай қарамайтын жан
02.11.2021

1 қарашада  Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі мүгедектерге арналған «Дружба» Қостанай облыстық оңалту орталығында белгілі қоғам қайраткері, публицист және спортшы Аркадий Семенович Денисовпен шығармашылық кездесу өткізді.

Кездесуге келгендер Аркадий Семеновичтің өмірбаянынан көптеген қызықты деректерді біліп, ол оқыған өлеңдерді тыңдады, қонақтың жеке мұрағатынан ұсынылған сирек кездесетін фотосуреттерді көрді.

«Менің өмірімде екі нәрсеге: авиацияға және жеңіл атлетикаға құмарлық болды. Соңғысынан әлі күнге дейін айырылған емеспін. Мұның сыртында әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамайтын,  публицистикамен айналысатын адам ретінде миымды үнемі жаттықтырып отырамын»,-дейді Аркадий Семенович.

Кездесу қызықты, мазмұнды, шынайы болды. Қатысушылар қонаққа оның қоғамдық жұмысы, жазушылық қызметі, спорттық жетістіктері туралы сұрақтар қойды. Кеш соңында Аркадий Семенович өзінің жеке кітапханасынан бірнеше кітапты оңалту орталығына сыйға беруді ұсынды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus