Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қиял мен шеберлік»
21.10.2021
21 қазанда кітапхананың бірінші қабатының фойесінде «Отражение» жеке балалар студиясының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалары жұмыстарының «Қиял мен шеберлік» атты көрмесінің ашылуы өтті. Студия жетекшісі – Веселовская Ольга Вячеславовна. 

Балалардың бірегей қабілеттерін қолдауға және көруге қала суретшілері, Л. И. Русин ат. жеке балалар көркемсурет мектебінің басшысы Н. Н. Ниязбаева,  суретші және педагог Владимир Николаевич Барабанов, қоғам қайраткері, журналист Аркадий Семенович Денисов, сондай-ақ қалалық балалар көркемсурет мектебінің оқушылары мен педагогтары келді. Облыстық суреттер галерясының меңгерушісі Сая Нурлыбаевна Калинова әр баланың көрмеге қатысуы оның әлеуетін ашуға көмектесетінін, көрмедегі әр жұмыста балалардың әрқайсысының әлемді өзінше қабылдауы көрініс тапқанын атап өтті. 

Инклюзивті шығармашылық көрмесі 20 қарашаға дейін жалғасады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus