Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Құттықтаймыз
27.05.2021

21 мамырда Қазақстанда мәдениет және өнер саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. «Жастар сарайында» мерекелік күнге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлердің «Рухани қазына – 2021» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздар қатарында Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қызметкерлері де болды.

Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Шақарова Дина Маратқызы Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағының «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының меңгерушісі Олексюк Алексей Васильевич «Рухани Қазына - 2021» мәдениет қызметкерлері мен ұйымдарының облыстық байқауында «Облыстық маңызы бар мемлекеттік кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпаздың дипломымен марапатталды.

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының кітапханашысы Италмасов Айтжан Құрымғалиұлы «Рухани Қазына - 2021» мәдениет қызметкерлері мен ұйымдарының облыстық байқауында кітапхана ісі саласындағы «Мәдениет жанашыры» номинациясы бойынша жеңімпаздың дипломымен марапатталды.

Құрметті әріптестер, жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Сіздерге денсаулық, сенімділік, бейбітшілік, жақсылық, шығармашылық шабыт, жаңа идеялар, сарқылмас күш-жігер тілейміз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus