Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өмірдің өзі»
19.05.2021

2021 жылдың 18 мамыр күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырумен ақын, драматург, жазушы, балалар жазушысы, манасшы Баянғали Әлімжановқа арналған «Өмірдің өзі» электронды басылымының тұсаукесеріне Л. Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Айтжан Құрымғалиұлы облыстық кітапхана атынан қатысты.

Кездесу барысында Баянғали Әлімжановтың шығармашылығы жөнінде әңгіме өрбіп, қонаққа жергілікті шығармашыл жастар сұрақ қойып, ашық пікір алмасу орын алды. Кездесу барысында кітапхана қызметкері А. Құрымғалиұлы балалар әдебиеті жайында, жастардың шығармашылыққа бейімделу жөнінде т.б. көптеген сұрақтар төңірегінде, жазушының пікірімен ой бөлісті.

Кездесу соңында Ақмола облыстық кітапхана қызметкерлері Баянғали Әлімжановқа арналған «Өмірдің өзі» электронды басылымын толық таныстырды. Қонақ өз кезегінде Қостанайлық қаламдастарына сәлем жолдап, кеш жағымды атмосферада өтті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus