Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наурыз – бірліктің, махаббат пен жаңарудың уақыты»
10.03.2021
Наурыз – Орта Азия мен Қазақстан халықтары асыға күтетін мерекелердің бірі. Ол жаңаруды, жаңа жыл мен жаңа өмірдің басталуын білдіреді. Өн бойынан ұлттық реңі көрініс беретін көптеген дәстүрлер көңілге қуаныш сыйлайтын көктемгі оқиғалармен тығыз байланысты.

Абонементтер бөлімі «Наурыз – бірліктің, махаббат пен жаңарудың уақыты» кітап көрмесін көруге шақырады. Көрменің көрнекті жеріне мерекенің тарихын түсіндіріп беретін және ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктері жайында айтып беретін А. Мұқанның «Ұлы дала елі. Страна великой степи», О. Асанғазының «Армансың, әз-Наурыз!», К. Салықовтың «Под звуки домбры» кітаптары қойылған. Көшпенділердің тұрмысында қолданылған бұйымдар жайындағы материалдарды табуға болатын С. Кенжеахметұлының «Быт и культура казахского народа», С. Назарбекұлының  «Қазақтың киіз үйі» басылымдары ерекше қызығушылық тудырады. Бірқатар басылымдар оқырмандарды қазақтардың ұлттық тағамдарымен және киімдерімен таныстырады.

Бір ай бойы жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus