Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»
01.03.2021
2021 жылдың 28 ақпан күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын және 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың 100 жылдығын талқылауға арналған республикалық онлайн дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған жиынға Қазақстанның түпкір-түпкірінен белгілі тарихшы профессорлар және ЖОО студенттері қатысты.  «Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз», - деп айтылған Президенттің мақаласында.

Мақаланың маңызды бір бөлігі қазақ тарихының ақтаңдақ беттерінің бірі ашаршылық жылдарына арналған. Ресми деректерге сүйенсек сол жылдары елде егін бітік шықпай, құрғақшылық орын алған табиғи апат. Шарада сөз сөйлеген әрбір тарихшылар осы қасіретті жылдардың тарихнамасын, тарихи танымын, тыңғылықты деректемесін, себеп-салдарын, өзектілігін сан қырынан аша білді. 

Жиын соңында жергілікті тарихшылар Өтеген Исенов және Рауан Байдалы жиынды ұйымдастыруда үлкен жауапкершілік танытқан кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus