Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым»
24.02.2021
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ZOOM платформасында қазақ поэзиясының ұлы шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты онлайн кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қазақ ақыны, публицист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Оспанов Серікбай,  Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы қатысты.

Жамбыл атындағы Алматы қалалық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева бізді оның мерейтойына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» көрмесімен таныстырды. Көрмеге Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары, Қазақстан ақын-жазушыларының ол туралы естеліктері және мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар қойылған.  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері Жауынбай Жылқыбай мен Нұрсұлтан Сабыржан ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.  Ал «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ оқушылары Дина Ислямова мен Анель Акижанова Жамбыл Жабаевқа арналған өз арнауларын оқыды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus