Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сықағымен бағындырған барша жанды»
21.01.2021

Құрметті оқырмандар! Сирек кітаптар мұражайы орыстың жазушы-сықақшысы М. Е. Салтыков-Щедриннің 195 жылдығына арналған «Сықағымен бағындырған барша жанды»  атты безендірілмелі кітап көрмесін дайындады. Салтыков-Щедриннің сатирик жазушы ретіндегі жарқын ерекшелігі, ең алдымен, оның әзілінің құдіретінде, гиперболаны, гротескті, фантастиканы қолдану өнерінде және оқиғаны астарлап жеткізу шеберлігінде жатыр.   

Көрмеге Салтыков-Щедриннің келесідей сирек басылымдары:  1911 жылы шыққан 12 томдық шығармалардың толық жинағының 4-ші томы, ішінде «Господа Головлевы», «Помпадуры и помпадурши», «Губернские очерки», «История одного города» секілді атақты шығармалары  бар 1905 жылы шыққан 12 томдық шығармалардың толық жинағының 1,2,3-ші томдары, және т.б. қойылған. 

Оқырмандар назарына сондай-ақ автордың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, мақалалар ұсынылған.  Ай сайын шығатын «Вестник знаний» әдеби-көркем және ғылыми-көпшілік журналдың 1909 жылғы №4 санында жарияланған Н. В. Горкиннің «Сатирик русской общественности» атты мақаласы ерекше қызығушылық тудырады.   

Орыс классикалық әдебиетінің барлық әуесқойлары мен бағалаушыларын кітапхананың екінші қабатының фойесінде орналасқан көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus