Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы бабалар мұрасы»
11.01.2021

Құрметті оқырмандар, абонементтер бөлімі сіздерді «Ұлы бабалар мұрасы» кітап көрмесін көруге шақырады. Ата-бабаларымыздың мұрасы – біздің өткеніміз, тарихымыз және халқымыздың ұлттық мәдениеті. Өзіміздің ұлы тарихымызды, байырғы мәдениетімізді білмей немесе ұмыта отырып біз ұлттық қадір-қасиетімізді, ұлттық болмысымызды жоғалтуымыз мүмкін. Біздің бай мәдени мұрамыз тұлғаның, азаматтың және мемлекет патриотының қалыптасуына және тәрбиесіне әсер етуі керек.

Оқырмандар назарына араб, парсы, түрік, моңғол дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы кітаптары, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің дәстүрлі әдістері, халық кәсіпшілігі мен қолөнері, қазақ халқының салт-дәстүрлері, отбасылық қатынастары туралы кітаптар ұсынылған. «Ұлы дала тарихы», «Қазақ салт-дәстүрлері», «Бабалар сөзі», «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы», «История Казахстана в арабских источниках», «История Казахстана в персидских источниках» кітаптары және т.б. басылымдар көрмеде ерекше орын алады.

Көрме жылдың аяғына дейін жұмыс істейтін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus