Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Құттықтаймыз!
22.10.2020

20 қазанда «JASTAR SARAIY» концерт залында «Рухани қазына» мәдениет саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің үшінші республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Төмендегідей аталымдар бойынша жеңімпаздар Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтың дипломымен және естелік кәдесыйларымен марапатталды:

1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік кітапхана – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ;

2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік кітапхана – «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Денисов орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ Денисов орталық аудандық балалар кітапханасы;

3) Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана – «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің Қарасу орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ Октябрь ауылдық үлгілі кітапханасы;

4) Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері – Олексюк  Алексей Васильевич, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының меңгерушісі;

5) Аудандық (қалалық) маңызы бар  кітапхананың үздік қызметкері – Ағытаев Әмірхан Бақтыбайұлы, «Жангелдин ауданының  орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» кітапханашысы;

6) Ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхананың  үздік қызметкері – Бірмағамбетова Гүлжазира Сапарғалиқызы, Наурызым ауданының  орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ Шилі ауылдық кітапханасының кітапханашысы;

Карантин кезеңіндегі белсенді қызметі үшін номинациялар:

1)                Үздік мемлекеттік кітапхана сайты – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ;

2)                Үздік кітапханалық онлайн жоба – 2020 – «Медиаграмотность для библиотекарей» Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ;

3)                Балаларға арналған үздік кітапханалық онлайн жоба – 2020 – Н.Островский атындағы Қостанай қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.

Құрметті әріптестер, шын жүректен шыққан құттықтауларымызды қабыл алыңыздар. Сіздерге сарқылмас қайрат, шалқар шабыт, жаңа идеялар, шығармашылық ізденістер мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus