Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Денисов ауданы Қазақстан картасында
29.09.2020

29 қыркүйекте Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК онлайн режімінде Денисов ОКЖ кітапханалар күнін өткізді. Шара Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдаудан басталды, содан кейін қазақтың дәстүрлі шашуы шашылды және флешмоб орындалды. 

Шараға қатысушыларды Денисов ауданы әкімінің орынбасары Кәкімжан Нұрлыбек Қайратұлы құттықтады.

Денисов ОАК қызметкерлері «Библиотека – храм культуры и добра» тақырыбы бойынша медиа-экскурсия өткізді.

Бұдан кейін қатысушылардың назарына «Сакральное место Денисовского района» атты интерактивті плакат ұсынылды.

Шара балаларға арналған ертегілердің авторы Надежда Короткихпен болған кездесумен жалғасты.   Надежда Геннадьевна өзінің «Сказки о дружбе» атты ертегілер жинағымен таныстырып, «Теремок для достар» деп аталатын қуыршақтар көрінісін көрсетті.

Келесі кездесу Денисов ауылының әуесқой ақыны Батырбек Қаппазұлы Қалымовпен болды, көрермендер онымен бірге «Мой Денисовский край» атты өлкетану экскурсиясына аттанды. 

Сондай-ақ ОКЖ қызметкерлерінің қолымен жасалған «От идеи до воплощения: территория творчеств» лэббуктер шолуы және «Как прекрасен книжный мир» мерекелік бағдарламасы ұсынылды.  

Шара соңында «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Н.С. Хасанова сөз сөйледі.

Шара Денисов ОКЖ кітапханалар күнін ұйымдастырушыларға Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК атынан алғыс хаттар тапсырумен аяқталды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus