Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Соловьёв Анатолий Яковлевич

1948 жылы туған. Тоғыз жылдық білімді 1964 жылы Рига қ. № 33 мектепте алып, орта білім туралы дипломды 1966 жылы Рига құрылыс материалдары зауытында және мауыты өндірісі бірлестігінде жұмысшы болып істей жүріп кешкі ме-ктептің 11 сыныбын бітіргеннен кейін алады. 1968 жылы А. Соловьев Ленин комсомолы атындағы жоғарғы әскери авиа-ция ұшқыштары училищесінің курсанты болып қабылданады.
Анатолий Владимирович 1972 жылдың қазанында учили-щені бітіріп шығып, Қиыр Шығыстағы барлау авиаполкінде аға ұшқыш бо-лып қызмет істеді және көптеген күрделі барлау жұмыстарын орындады. 1976 жылы бөлімнің ең үздік ұшқыштарының бірі ретінде ғарышкерлер бө-ліміне түсуді ұсынады.
1979 жылы авиациялық-ғарышкерлер тобының ғарышкер-сынақшысы болып тағайындалады. 1982 жылы оны халықаралық ғарышкерлер бағдарла-масы бойынша жасақталып жатқан топқа ауыстырады.
Алғашқы ғарышқа ұшуы 1988 ж. «Союз ТМ-5» және «Мир» ОК экипаж командирі ретінде жүзеге асты. Ғарыштан кейін экипаж командиріне Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен Алтын жұлдыз тап-сырылды. 1988 жылы экипаж командирі ретінде бесінші рет ғарышқа кө-терілді. Үйленген, отбасында екі ұлы бар.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Солодова Фания Гаппаровна

1938 жылы 14 мамырда Бұхара қ. (Өзбек КСР) туған. 1956 жылы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Киев технология институтына түседі де, оны «инженер-технолог» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1961 - 1964 жж. Қызылорда былғары аяқ-киім комбинатында жұмыс істейді. 1964 ж. Қостанай аяқкиім фабрикасына жұмысқа қабылданып, зертхананың технологынан директорлық қызметке дейінгі еңбек жолынан өтті.
1984 ж. қарашасында қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.
1992 ж. наурызында Қостанай қалаткомның таратылуына байланысты қалалық әкімшілік басқармасы аппаратының тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалады.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Сьянов Илья Яковлевич

Әулиекөл кентінде шаруа отбасында туған. Қостанай ке-ңестік партия мектебінде оқып, кейін Чкалов қаласында жұ-мысшылар факультетін бітірген. Алматы тігін фабрикада ди-ректор болып істеді.
1936 ж. Қостанай қаласына оралып, облыстық жоспарлау комиссиясында экономист болып істеді.
1942 ж. көктемінен 151-ші жеке атқыштар бригадасының қатарында майданда болды. Көне Руссо, Прибалтика, Польша жерлері, Висла мен Одер өзендерінен өту, Берлинді алу үшін болған шайқастарға қатысты. 1945 ж. 24 сәуірінде 150-ші ди-визия фашистік Германия астанасының көшесіне аяқ басты. 1945 ж. 28 сәуі-рінде аға сержант Сьянов шайқас кезінде рота командирінің орнын басып, өз әскерлерін рейхстагты шабуылмен алуға көтерді. 1945 ж. 30 сәуірі күні 20 са-ғат 50 минутта полк барлаушылары Егоров пен Кантария лейтенант Бе-ресттің басшылығымен рейхстагтың күмбезіне Жеңіс Туын қадады, ал оларға біздің жерлесіміздің шабуылдаушы ротасы көмек көрсетіп, қорғап тұрған бо-латын. Берлинді алуда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 ж. 15 мамырдағы жарлығымен Илья Яковлевич Сьяновқа Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Телятников Леонид Петрович (1951—2004)

 Қостанай обл. Меңдіқара ауд. Введенка ауылында туған. Генерал-майор, Кеңестер Одағының Батыры.
 1971 жылы Свердлов өрт сөндіру және техникалық училищесін, 1978 ж. КСРО ІІМ жоғарғы инженерлік-техникалық мектебін бітірген.
  1978 ж. ішкі істер органдарында жұмыс істеген.
 1986 ж. Чернобыль АЭС болған апатты жоюда көрсеткен ерлігі, батылдығы және жанкештілік әрекеттері үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
  Леонид Петрович 2004 жылы ауыр науқастан кейін Киев қаласында (Украина) қайтыс болды.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (1988).


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Темірбаев Сейтхан Нұрмұхамбетұлы (1922—1983)

  Қостанай обл. Таран ауд. Қызылжар ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. 1942 ж. мамырында армия қатарына шақырылады. 1943 ж. кіші лейтенанттар курсын бітіреді. Донбас, Николаевск, Одесса облыстары мен Молдавия жерлерін және Сталинградты азат етуге қатысады. І Белорус майданы 5-ші екпінді армиясы 230-шы атқыштар дивизиясы 990-шы атқыштар полкінің ко-мандирі капитан Темірбаев Берлинді алу кезінде көзге түсті. Кеңестер Одағының Батыры атағы 1945 ж. 31 мамырында берілді.
  Батырдың ерен еңбегі Ленин, «Қызыл Жұлдыз», І дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен аталып өтілді.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (1975).


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Терновой Иван Кондратьевич

  1935 жылы Семиозер ауданы Анастасьевка ауылында туған. КСРО білім беру ісінің үздігі, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдары кандидаты, ҚМУ профессоры (1995), жоғарғы оқу орындарында 1973 жылдан жұмыс істеп келеді. Ғылыми-педагогикалық қызметін аға оқытушы қызметінен бастап, кейін кафедра меңгерушісі, сырттай оқу бө-лімінің проректоры болды.
  1981–1988 жж. Қостанай педагогика институтының ректоры болып істеді.
 1989–1994 жж. аралығында КОКП тарихы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті. Иван Кондратьевич ЖОО істеген ұзақ жылғы кезеңінде оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарын назардан тыс қалдырған емес. Ол 34-тен астам жұмыс дайындап, бастырып шығарды. «Халық есінде», «Күреске толы өмір», «Мыңжылдық қарсаңындағы әлем», «Қостанай облысының тарихы: өткендер мен бүгінгі кезең» және басқа да жұмыстардың авторы. Қазақстан компартиясы қалалық, облыстық конференциялардың депутаты, Облыстық және қалалық еңбеккерлер кеңесі аткомның депутаты, пед-институт парткомының хатшысы болып сайланды.
  Студент жастарды оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері, облыстың ЖО саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін Иван Кондратьевич Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен, медальдармен марапатталған.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (2005).


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Трофименко Макар Антонович (1895—1976)

  Витебск губерниясында кедейшаруаның отбасында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 15 жасынан Петербор қ. қара жұмысшылықтан бастап, кейін Путиловск зауытында шегелеушінің көмекшісі, жөндеуші және темір ұстасы болып жұмыс істеді. 1915 жылы патша әскеріне понтонды батальонға қатардағы жауынгер болып қабылданады. Алайда соғыс өндірісіне жұмыс күші жетпей жатқандықтан оны Ижевский зауытына жіберіп, сол жерде 1920 жылға дейін жұмыс істей-ді. 1930 жылы Украина партиясының ОК оны Бүкілодақтық социалистік егін шаруашылығы академиясына оқуға жібереді. Оқуын аяқтағаннан кейін Қостанай облысының Ленин ат. және Кеңарал егін кең-шарларында директор болып істейді. 1937–1953 жылдары Макар Антонович ауыл шаруашылығы саласындағы жауапты лауазымдарда қызмет істеді. 1954–1955 жылдары кеңшарлар тресінің директоры болды.
 Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (1967).


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Тюшев Христофор Евгеньевич (1905—нет данных)

  1905 жылы Архангельск облысы Котласс ауданы Курцев ауылында жұмысшы отбасында туған. 1921 жылы бастауыш мектепті бітіргеннен кейін жеке отбасылық шаруасымен айналысты. 1927 жылы Х. Е. Тюшев Қызыл Армия қатарына қабылданды. Шекара бөлімінде ол үлкен өмір мектебінен өтіп үлгірді. 1930 жылы Христофор Евгеньевичті (б) БКП қатарына кандидат етіп қабылдады. Бұл кезде елде ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру басталған болатын. Х. Е. Тюшев ерікті топтың құрамында Қазақстанға жол тартады. Ол Қостанай облысы Федоров ауданы «Советский землероб» ұжымшарында қатардағы ұжымшар жұмысшысы болып жұмыс істейді. Қостанайдағы қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін Федоровта, Темірде, Ақтөбеде, Қос-танайда милиция органдарында жұмыс істейді. Партияның саясатымен белсенді түрде қоғамдық жұмыстар жүргізеді. 1939 жылдың тамызында Х. Е. Тюшевті Қостанай қалалық партия комитетінің үшінші хатшысы етіп сайлайды. 1942 жылдың сәуірінде 151-ші жеке атқыштар бригадасының жауынгерлерімен бірге саяси жетекші Тюшевте майданға аттанады. Христофор Евгеньевич өмірінің соңғы жылдарын Рига қаласында өткізеді.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (1972)


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Уфимцев Анатолий Гаврилович (1914—2000)

 Омбыда туған. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери геодезист болды. Қорғаныс ғимараттарын жоспарлауға, Кеңестер Одағының бірыңғай геодезия жүйесін құрастыруға, кейін Қостанай облысының атласын жасауға қатысты. Облыстық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінде жұмыс істеді. Анатолий Гаврилович шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, белгілі шахматшы-теоретик, КСРО спорт шебері, Қазақ КСР он бір дүркін чемпионы, Орта Азия мен Қазақстанның бес дүркін спорт шебері. Қатарлай ойнау жүйесінің авторы, оның енгізген жүйесіне «Уфимцев қорғанысы» атауы берілген. Бүкілодақтық дәрежедегі төреші.
  Медальдармен марапатталған.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (1994).


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Үкін Кенжебек Үкіұлы (1940—2024)

  1940 жылы 26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қойтас ауылында туған. 1962 жылы Абай ат. Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіреді. 1982 ж. Семей зооветеринария институтын және 1988 ж. жоғарғы партия мектебін үздік бағаға бітіріп шығады. Еңбек жолын 1962 ж. физика пәнінің оқытушысы болып бастады. 1962–1964 жж. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Комсомол, кеңес және партия жұмыстарында болды. 1987 ж. Қостанай облисполкомның төрағасы болып сайланып, 1990 ж. тамызында Торғай обкомының бірінші хатшысы болып тағайындалады. 1992 ж. ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қостанай облысы әкімшілігінің басшысы болып тағайындалады. 1993 ж. желтоқсанынан облыстық тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасын, облыстық экономика басқармасын, кейін мемлекеттік қызметтер істері облыстық басқармасын басқарды. Қазақ КСР ХІ және ХІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
  Қазақстанның тәуелсіздігі декларациясын, Республика Конституциясын қабылдауға, Қазақстанның бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев болған бүкілхалықтық сайлауды ұйымдастыруға тікелей қатысты.
  «Құрмет» (2001), «Парасат» (2016) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) және «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдармен, «Тіл жанашыры» (2015) белгісімен марапатталған.
  2005 ж. «Қостанай қаласының құрметті азаматы» және 2015 ж. «Қостанай облысының құрметті азаматы» атақтарына ие болды.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Страницы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus