| Қазақша | Русский | ||||
![]() | ||||
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00 Жексенбі – 9.00 – 17.00 Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
| |||
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
|
Сортировка: по алфавитув обратном порядке Кемешев Нұрқан Кемешұлы
1930 жылы 15 қаңтарда Торғай облысы Арқалық ауданы Шилі кентінде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік универси-тетінің тарих факультетін (1954 ж.) және Мәскеу қ. Жоғарғы партия мектебін (1967 ж.) бітірген. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Ким Антон Григорьевич
Ким Антон Григорьевич 1946 жылы 9 шілдеде Қызыл-орда облысы Калинин атындағы ұжымшарда туған. Қоста-най қ. 1959 жылдан тұрып келеді. 60-шы жылдардың басын-да бүкілодақтық және халықаралық жарыстарда қаланың және облыстың намысын бірнеше мәрте қорғады. 1966 ж. Антон Григорьевич жаттықтырушылық-оқытушылық жұ-мысқа ауысты. Қостанай қ. № 4 БЖСМ, облыстық БЖСМ, облыстық БЖСМ бокс бөлімінде жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында ол 28 спорт шеберін және 1 халықаралық дәрежедегі спорт ше-берін дайындап шығарды. Олардың арасынан КСРО чемпионатының қола жүлдегері - Сергей Лобырёвті, КСРО чемпионатының финалисі - Рамс Кари-мовты, Қазақстан Республикасы боксының чемпиондары - Әнуар Алғожин-ды, Мірболат Көбжасаровты, 2004 жылғы Азия чемпионы - Самат Башенов-ты атап көрсетуге болады. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Корнев Василий Евсеевич
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында Васильев ауылында туған. Мемлекеттік қызметкер. 1973 ж. Рудный қ. Қаз ПТИ бөлімін, 1986 ж. АВПШ, 1996 ж. РФ Президенті жа-нындағы Басқару академиясының аспирантурасын бітірген. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Корчагин Семён Гаврилович
Қостанай уезі Жуков ауылында туған. 1919 жылы атау-лы мамандық беру училищесін, 1932 жылы мұғалімдер инс-титутының бағдарламасы бойынша курс бітірген. 1921-1922 жылдары Қостанай губерниялық әскери комитетінің аралық орнында, өз ауылында ашыққандарға көмек көрсететін коми-тетте жұмыс істеді. 1926 жылдан облыстың білім беру жүйе-сіне жұмысқа ауысты. Қостанай қаласына көшіп келгеннен кейін математика пәнінің мұғалімі, оқу бөлімінің меңгеруші-сі, Н. К. Крупская атындағы, «Октябрьдің 20 жылдығы», С. М. Киров ат. мектептердің директоры, қалалық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Кабдылсалыков Марат Кабдылсалыкович
1969 жылы 3 тамызда Қарағанды облысы Ульяновск ауданында туған. 1984 –1987 жж. индустриальды педагогикалық техникумда оқыды. 1997 ж. жеке кәсіпкер болып еңбек етеді. 1999 ж. «Айя» кафесінің жанынан соғыс ардагерлерінің «Ардагер» клубын ұйымдастырып, мереке кездерінде Ұлы Отан соғысына қатысқандарға салтанатты қабылдаулар өткізіп, естелік сыйлықтар тапсырады, көмек күткен ардагерлер мен жетім балаларға материалдық жәрдем жасап тұрады. 2001 ж. 21 қаңтарынан «Ардагер» клубының негізінде ардагерлерге нақты көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының еш жерінде жоқ, «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге арналған «АТА» қоғамдық қорын ашты. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Қайырбеков Ғафу (1928—1994)
Торғай облысының Торғай қаласында дүниеге келген ақын, Қазақстанның Халық жазушысы (1992 ж.). Ұлы Отан соғысы жылдарында райпотребсоюз жүйесінде, мектепте, комсомолда еңбек етті. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. (Қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогиккалық университеті). ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Қожамқұлов Серәлі
Шұбар болысы (кейін Қостанай обл. Қарабалық ауд.) Қараадыр жерінде (№ 13 ауыл) дүниеге келген. Троицк қала-сында (1913 ж.) татар мектебінде, Торғайда қазақ мектебінде (1916 ж.), Орынбор қаласында татар халықтық-ағартушылық институтында оқыған (1922 ж.). Сахнаға деген сүйіспеншілік Серәлі Қожамқұловтың бойында 1919 ж. қызыл партизан Ә. Жангелдиннің жасағының қатарында жүргенде пайда болды. Дарынды біртуар жас жаңадан ашылған қазақ драма театры-на шақырылады. Ұзақ жылғы шығармашылық өмірінде ол жүзден астам түрлі мінезді рөлдерді сомдады. Аталған еңбектері үшін «Қаз КСР халық әртісі» (1936 ж.) және Социалистік Еңбек Ері (1976 ж.), КСРО мемлекеттік сыйлығы («Абай» спектакліндегі Майбасар бейнесін сомдағаны үшін, 1952 ж.), Қаз КСР мемлекеттік сыйлығы («Ленин 1918 жылдары» спектакліндегі Коробов рөлі үшін, 1970 ж.) сыйлықтарымен марапатталды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Қозыбаев Манаш Қабашұлы
Қостанай обл. Меңдіқара ауд. Тазкөл ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесін өте жақсы бағаға бітіріп шығады. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Макотченко Василий Семёнович
1921 жылы 4 ақпанда Қостанай облысы Қамысты ауданы Ливанов ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Шымкент таукен-металлургия техникумын (1941 ж.), Магни-тогорск педагогика институтының тарих факультетін (1948 ж.) бітірген. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Малшыбаева Көпей Абдрахманқызы
Әулиекөл ауданы Москалев ауылында 1940 жылы туған. ҚР еңбек сіңірген дәрігері, КСРО денсаулық сақтау озаты. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
| |||
























