| Қазақша | Русский | ||||
![]() | ||||
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00 Жексенбі – 9.00 – 17.00 Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
| |||
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
|
Сортировка: по алфавитув обратном порядке Жақсыбергенова Маркиза Жарковна
1947 жылдың тамыз айында Қостанай облысында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қостанай педагогика инсти-тутын (1965 - 1969 жж.) және ауылшаруашылығы инсти-тутын (1985 - 1988 жж.) аяқтап екі жоғарғы білім алып шықты. Оның барлық еңбек жолы Қостанай қаласымен бай-ланысты. Ол 11 жылдан астам халыққа білім беру саласында және екі жылдан астам уақыт қалалық әлеуметтік қамтама-сыз ету бөлімінде жұмыс істеді. 1984 - 2008 жылға дейін аталған ретте Қостанай қалалық атқару комитетінің хатшысы, қалалық әкім-шілік аппаратының жетекшісі, қала әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарып келді. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Жәнібеков Шәңгерей Жәнібекұлы (1924—2024)
1924 жылы 15 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы № 24 ауылда дүниеге келген. Фельдшерлік мектепті бітірген соң 1942 жылы қыркүйекте армияға алынып, 261-ші атқыштар дивизиясының 978-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Румыния, Венгрия, Австрия, Чехословакия шайқастарына қатысты. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Жүніс (Юнусов) Мағауия Жүнісұлы (1919—2019)
1919 жылы 11 ақпанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Әділбай ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Қазақ КСР білім беру саласының үздігі, КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі. КОКП ОК жанындағы ЖПМ және Мәскеу тарихи-мұрағаттану институтын бітірген. Аға нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1975–1983 жылдары Қостанай облыстық атқару комитетің хатшысы, Қостанай қалалық атқару комитетінің орынбасары, қалалық Кеңестің атқару комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Зәкіров Қамалбек Зәкірұлы (1917—2009)
1917 жылы 23 ақпанда Федоров ауданы Ержан ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ұлы Отан соғысынан кейін Камалбек Закирович өз өмірін педагогикалық қызметке арнады. Алдымен ауыл мектебінде мұғалім, кейін мектеп директоры, 1956 жылдан облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі қызметтерін атқарып, 1960–1974 жылға дейін оның директоры болып істеді. Институт Қамалбек Зәкірұлы басқарған жылдары ХШЖК күміс медалімен, КСРО және ҚазақКСР Білім министрліктерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қамалбек Зәкірұлы бірнеше мәрте мемлекеттік сыйлықтарға ие болған. «Өтіп жатыр бұл өмір армандаған...» (2006 ж.) естелік кітабын жазып қалдырды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Зинченко Фёдор Матвеевич (1902—1991)
1902 жылы шаруа отбасында туған. Бастауыш шіркеу мектебін бітірген. Полковник, Кеңес Одағының Батыры. Ленинград жаяу әскер мектебін бітіріп, өз тағдырын Кеңес Армиясымен байланыстырды. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 150-ші дивизияның 756-ші атқыштар полкінің командирі. Полктің жеке құрамы 151-ші жеке атқыштар бригадасының жауынгерлерінен жинақталып, Қостанай қаласында 1941 жылдың аяғында 1942 жылдың басында құрылды. Аталған полктің әскерлері рейхстаг ғимаратына алғашқы болып кіріп, оның күмбезіне 1945 ж. 30 сәуірінде Жеңіс Туын қадады. Рейхстагтың кеңестік коменданты. 1953 жылы рейхстаг шабуылының батыры құрметті демалысына шығып, УКСР Черкассы қаласында қоныс аударды. 25 жыл бойы автомобиль мектебінде сабақ беріп, жастар арасында әскери-отансүйгіштік тәрбие жұмыстарын жүргізді. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Золотых Юрий Иванович
1937 жылы туған. Қазақ КСР «Еңбек сіңірген құрылыс-шысы». ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Иванов Иван Данилович (1922—2005) ![]() Урицкий ауданы Аннов ауылында шаруа отбасында туған. 1940 жылы 10 сыныпты бітіргеннен кейін Ленинград авиация техникалық училищесіне қабылданады. 1941 жылдың тамызында оқуды жеделдете аяқтап, 2-ші атқыштар авиация полкіне авиация технигі ретінде жіберіледі. Кейін Брянск, Екінші Белорус майданына 378-ші жеке байланыс авиация эскадрилиясына ауыстырылады. 1944 жылдан ұш-қыш болып қызмет істеді. Әскер қатарынан босағаннан кейін 1947 жылдың сәуір айынан бастап облыс аудандарының шаруашылық, партия және кәсіподақ жұмыстарында болды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Исмагилова Шарафа Галлиевна (1911—1990)
Қостанай қаласында туған. К. И. Тимирязев атындағы Башқұр педагогикалық институтын бітірді. Топоринскі педагогикалық техникумында (Башқұр АКСР, 1933–1935 жж.) және Қостанай медицина техникумында (1935–1941 жж.) химия және биологоия пәндерінен мұғалім болып жұмыс істеді. 1941 жылдан 1966 жылға дейін Қостанай мұғалімдер институтында және Ы. Алтынсарин атындағы қазақ мектебінде еңбек етті. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Исмағұлов Нариман Ғазизұлы (1925—2010)
Семей қаласында туған. Алматы медицина институтын бітірген (1945 ж.). 1945–1951 жылдар аралығында Торғай аудандық аурухананың меңгерушісі болды. 1951 жылы Қостанай қаласында санитарлық авиацияның бортхирургі, Ленин атындағы облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі болып қызметтерін атқарды. Нариман Ғазизұлының басшылығымен 1961 жылы хирургтардың ғылыми қоғамдығы және емдеу алдын алу мекемелерінде бірнеше арнайы хирургиялық бөлімдер ұйымдастырды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Каляпина Феодосия Фёдоровна (1896—1986)
Қостанай қ. туған. Гимназияны бітіргеннен кейін 1917–1925 жылдар аралығында Қостанай уезінің ауылдарында мұғалім болып жұмыс істеді. Фельдшерлік курсты және Мәскеу медицина институтын бітірген. Туған қаласына оралғаннан кейін Қостанай медицина училищесінде дәріс берді. 1954–1956 жылдар аралығында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істеді. 1986 жылы қайтыс болды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
| |||

























