Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Алпысбай Қазғұлов = Алпысбай Казгулов = Alpysbay Kazgulov
Алпысбай Қазғұлов = Алпысбай Казгулов = Alpysbay Kazgulov
[Мәтін] : фотоальбом / [жинақты құраст. А. Қазғұлов]. – Алматы :
Золотая книга, 2023. – 311 б. : сурет.


Кескіндемеші Алпысбай Қазғұлов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және «Парасат» орденінің кавалері, ҚР Президенті стипендиясының иегері. 2003 жылы Еуропалық өнер одағының Масарик атындағы сыйлығымен марапатталды. Қазақстан Суретшілер одағының басқарма мүшесі. Абстракционизм және сюрреализм стилінде жұмыс істейді.
Өнертанушылар атап өткендей, Алпысбай Қазғұловтың қайталанбас қолтаңбасын және өзіндік дара стилін сауатты құрастырылған композиция мен адам жанының толғанысы мен жай-күйінің нақты суреттелгенінен бірден танып білуге болады.
Суретші қарапайым тұрмысты, сұлулық пен кербездікті суреттеп қана қоймай, фантазия мен қиял-ойға да кеңістік қалдырып, ерік береді. Әрбір қазаққа таныс шексіз жазық даланың, көрікті табиғаттың әрбір көрінісі «Көшпенділер» сериясына кірді. Өз кезегінде ұлттық дәстүр мен салтымыз оның жұмыстарындағы түстердің алуан түрлілігі мен қанықтылығынан анық көрінеді.
Алпысбай Қазғұловтың картиналары өзінің сезімталдығымен және көркемділігімен ерекшеленеді.
Біріншіден, суретші өз картиналарында ғарыштың көзге көрінбейтін нәзік тұстарын философиялық түрде әдемі етіп жаза біледі. Сөйтіп, табиғат пен адам арасындағы нәзік царым-қатынасты ашады.
Екіншіден, оның монументалды туындылары қазақ халқының ұлттық құдіретін көрсетуімен құнды. Сан қырлы автор палитрасы мәңгілік қозғалыс қатпарындағы халықтың ұлттық иірімдерін табуға көмектеседі.
Үшіншіден, сауатты композиция мен парасатты параллельдерді тиімді пайдалана білген суреткер адам жанының сұлулығын бейнелеу өнерін де толық аша білген.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus