Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қожахметова, М. Ұзақ жолдың бойында
83.3(5Қаз)7
Қ 56
Қожахметова, М.
Ұзақ жолдың бойында [Мәтін] : сұхбат, мақалалар, эсселер,
портреттер / М. Қожахметова. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2023. – 576 б.


«Руханият. Тұлға. Уақыт», «Ғылым. Таным», «Қоғам. Еңбек. Тағдыр» бөлімдерінен тұратын кітап тұтастай бір кезең өркениетін, алтын дәуірімізді құрайтын жандардың галереясымен қауыштырады. Аңызға айналғанымен аттарының төңірегінде қарама-қайшы пікірлер қалыптасқаны бар, жаңалық ашып, елеусіз өткені, өз саласында ерлік жасаса да еш мойындалмағаны бар, тылсым тұңғиығына сүңгіп, күрделі де қызықты ғұмыр кешкен, енді бірі еңбектің көрігін қыздырған, ғылымның қия шыңына шығып, асу-асу белестерді бағындырғандардың жан дүниесінен сыр шертетін бұл жинақ автордың «Менің шашылған энциклопедиям» жеке жобасының – топтамасының логикалық жалғасы.
Ғабит Мүсіреповтен Дулат Исабеков, Мәриям Хакімжановадан Қатира Жәленоваға дейінгі ұрпақ сабақтастығынан кешегі, бүгінгі дәуір сыйпаты айқындалып, С. Бердіқұлов, Ш. Мұртазаев, С. Мыңжасарова, Ф. Оңғарсынова, С. Әшімбаев, С. Досымов, Қ. Омарұлы және басқаларының жазу, сызудың азабын арқалап, ұлт мерейін асқақтатқан түрлі толқын, аға, жас ұрпақтың шынайы келбеті жылы ұшырай қарсы алады алдыңыздан. Ендеше бір-біріне ұқсамайтын сан алуан тағдыр иелерінің ұзақ жолдың бойындағы сыр-сипатымен танысыңыз, құрметті оқырман!


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus