Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Құпия күштер құдіреті
83.3(5Қаз)7
Ж 92
Жылқыбаева, М.
Құпия күштер құдіреті [Мәтін] . Т. 1 / М. Жылқыбаева. – Алматы : Нұрлы Әлем, 2019. – 536 б. : 24 б. сурет.

Бұл еңбек Жамбыл жыраудың жалпыға айтылмай келген белгісіз қырларын көрсетуге арналған. Өмірінің бар болғаны кейінгі 10 жылында ғана мемлекеттік қамқорлыққа алынған ақынның одан бұрынғы 80-90 жылдық өмірі жұртшылыққа белгісіз боп келгені мәлім. Кітап авторы Жамбыл өмірімен байланысты кейбір мәліметтерді оның көзін көріп, дәмдес болған қариялардан жазып алып, Қазан төңкерісіне дейін Жамбыл ақынмен жиі араласқан кісілердің айтқандарын қағазға түсірген.

Автордың мақсаты – Жамбылмен замандас ақсақалдардың айтқандарын саралап, ұлы жыраудың осы кезге дейін танылмай келген қырларынан оқырманды хабардар ету. Жамбыл жыраудың өміріне көңіл аударып, 50 жыл бойы зерттеу барысында қоршаған дүниедегі тылсым күштердің осы кезге дейін ашылмай келген сырларын ұғуға мүмкіндік туғанын жеткізген кітап авторы ақын өмірге келген аймақ пен оның жүріп өткен жолдары, үлкен ортасы адамзат өміріндегі дүние тарихымен байланысты екенін түсіндіреді. Бұл салада авторға Алтын адам жазуы көмектескен.

Бұл кітапқа сондай-ақ Мағрипа Шөжеғұлқызының әр жылдары жазылған танымдық әңгімелері де кірді.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus