Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Шаймерденұлы. Шығармалары

84(5Қаз)

Ш-18

Шаймерденұлы. Шығармалары. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2013. - 328 бет.

Т. 1.      

Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының бірінші томына 2012 жылы шыққан «Қазақ афоризмдері (Ақыл-ой антологиясы: бағзыдан бүгінге дейін)» атты кітабы еніп отыр. Қазақ афоризмдерінің көне замандардан бүгінге дейінгі әралуан үлгілерін жинақтаған антологияны құрастырушы автор көшпелілер мен олардың ұрпақтары ой мұхитының «құмдағы ізін» қармап, «сайдағы тасын» теру арқылы жиырма бес ғасырлық тарихи кезеңді көктей шолып өткен. Бұл кі-таптан қазақ сөзінің небір жауһарларын кездестіруге болады. Оны, автордың өзі атап айтқанындай, «сұлу сөздің қадірін білетін, шешен сөйлеуді өнерге балайтындар үшін шеберлік шыңдау мектебі десе де болады».

Т. 2.

Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының екінші томына 1995 жылы шыққан «Көңіл суреті», 2004 жылы шыққан «Жүректегі жазулар» жыр жинақтарынан «Сенемін саған, жарық күн», «Тербеледі ой-бесік», «Жалғаса бер, жолдарым», «Жанымның жайып жапырағын» атты тарау-лары, 2006 жылы толықтырылып, қайта басылған «Жүректегі жазулар» кітабы және өмірінің соңғы жылдарында жазылған, еш жерде жарияланбаған жырлары еніп отыр. Ақынның өлеңдері, дастандары мен поэмалары айшықты азаматтық үнімен, ақ адал сыршылдығымен оқырманды баурап, адам мен қоғам туралы, өмір жайлы сезім мен сенімнен өрілген сыршыл толғаныстары шынайылығымен тәнті етеді. Өмірінің соңына дейін қолынан қаламы түспеген ақынның жарияланбаған өлеңдері өзі реттеп қойған күйінде ұсынылып отыр.

Т. 3.

Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының үшінші томына 2002 жылы шыққан «Даналық дидары», 2003 жылы шыққан «Мәңгілік мұрат» кітаптарындағы әлем ақыл-ой алыптарының адамгершілік, рухани аңсар-мұраттар және адам баласының өмір сүру тәжірибесі туралы кең таны-мал ойлары еніп отыр. Ф.Ницше, Л.Вовенарг, В.Ключевский, Ф.Ларошфуко, Б.Грасиан, У.Кей-Кабус, А.Камю, К.Поппер, М.Хайдеггер, Э.Берн және басқаларының афоризмдері жеке тарауларға топтастырылған. Көптеген данышпандардың қанатты ойлары тақырыптар бойынша да берілген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus