Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Атырау облысының тарихы 63.3(5Қаз) А 90 Атырау облысының тарихы [Мәтін] : көне заманнан бүгінге дейін : 3 томдық. Т. 2 : Жаңа заманғы Атырау аймағы (XVIII ғасыр – XX ғасырдың басы) / ҚР Ғылым және жоғары білім м-гі, Ғылым комитеті ; Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ин-ты ; [томның ред. алқасы: Е. Ермұқанов (жауапты ред.) [т. б.]. – Алматы : Литера-М, 2023. – 439 б. : сурет.
«Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» үш томдығының 2-томы Атырау өңірінің жаңа замандағы кезеңіне арналған. Бұл томда XVIII–XIX ғасырлардағы Атырау өңірінің ішкі және сыртқы жағдайлары, аймақ халқының күнделікті өмірі, Әбілқайыр, Нұралы хандар кезіндегі саяси ахуал, Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы өңірдегі ұлт-азаттық көтерілістер, 1867–1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар және оған қарсы көтеріліске өңір халқының қатысуы, XX ғасыр басындағы Атырау аймағы мен мәдени өмірі жан-жақты қамтылды. Кітап тарихшыларға, өлкетанушыларға, сонымен қатар Отан тарихына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналады. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|