Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы = Жумагулов Бакытжан Турсынович 91.9:2 Ж 81 Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы = Жумагулов Бакытжан Турсынович [Мәтін] : биобиблиографиялық көрсеткіш / [құраст. Ә. Б. Серік ; библиогр. ред. М. М. Сағатбекова ; бас ред. К. Д. Закарья ; ауд.: Ә. Б. Серік, Д. О. Тамабай] ; ҚР Ғылым және жоғары білім М-гі ; Ұлттық ғылым академиясы ; «Ғылым ордасы» РМК, Орталық ғылыми кітапхана. – Алматы : Ғылым ордасы, 2023. – 491 б. : сурет.
«Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясының жалғасы болып табылатын бұл көрсеткіш – ірі математик-ғалым, көрнекті мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, Қазақстанның ғылым мен білім беру ісінің ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемінің математикалық қоғамының (TWMS) және қазақстандық математикалық қоғамның президенті, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, бірқатар шетелдік университеттердің Құрметті профессоры, жақын және алыс шетелдер академияларының академигі, Халықаралық инженерлік қауымдастықтардың мүшесі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловқа арналған. Басылымға Б. Т. Жұмағұловтың өмірі мен қызметін, ол туралы әдебиеттердің хронологиялық көрсеткішін сипаттайтын материалдар кірді және ғалымның ғылыми басылымдардағы және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдары, оның редакциясымен шыққан басылымдар тізімінің, халықаралық және республикалық конференциялар, семинарлар, симпозиумдарға қатысқаны туралы ақпарат, Б. Т. Жұмағұловтың басшылығымен қорғалған диссертациялық жұмыстардың тізімі қамтылған. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|