Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Балаларға арналған мультфильмдер
11.06.2015
«Жасырмаймыз сырымызды жақсыдан» жобасының жұмысын жалғастыра отырып 11.06 кітапханада Қостанай қ. № 17 ОМ оқушыларына арналған кезекті кинолекторий өткізілді. Балаларға «Мульти Россия» циклі бойынша «Кавказ» және «Дербент» мультипликациялық фильмдері, сондай-ақ «Ежелгі және қазіргі Дербент» ғылыми-көпшілік фильмі көрсетілді. Әсіресе Расул Ғамзатовтың әкесі, дағыстанның халық ақыны Ғамзат Цадастың мысалының желісі бойынша сонау 1948 жылы түсірілген «Піл мен құмырсқа» мультфильмі балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Мультфильмді көріп болғаннан кейін оны талқылау ұйымдастырылды, балалар пілдің мақтаншақ, ожар екендігін, ал құмырсқаның батыл да адал екендігін айтысып, мысалдың тәрбиелік мәнінің мол екендігін атап өтісті.
«Менің үйім – туған жерім Дағыстан!» кітап-зат көрмесіне жасалған шолуды тыңдаған балалар Дағыстан халқының мәдениеті, тұрмысы мен әдебиеті жайындағы білімдерін толықтырды. Облыстық Достық үйінің Кавказ мәдени-ұлттық орталығынан алынып қойылған джурабы, қанжар, құмыра, кәдесый және т.б. балалардың назарын ерекше аударды. Балалар үшін кездесудің тақырыбы қызықты болып, сұрақтарға белсенді жауап берісті және өздері де сұрақтар қойып жатты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus