2019 жылдың қыркүйегінде мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның
тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбымен Қазақстан халқына жолдауын
жариялады. Осы маңызды саяси оқиғаға орай Әмбебап оқу залы назарларыңызға
саясаттанушылардың, аналитиктердің, қоғам қайраткерлерінің еліміздің маңызды
құжаты жайындағы жарияланымдары қойылған «Жолдау – ұлтымыздың ұлы бағдары»
кітап көрмесін ұсынады.
Көрменің басты
бөліміне ақылды адамның күш-жігеріне толы, көптен күткен реформалар ортаға
салынған ҚР Президентінің жолдауы қойылған. Мемлекет басшысының «Мысль»
журналының № 9 санында жарияланған жолдауында «бәрінің бабын таба білу»
ережесін ұстанудың қажеттігі, реформаны кезең-кезеңмен және жүйелі түрде
жүргізудің керектігі атап көрсетілген. Сондай-ақ «Казахстанская правда» газетінің
2020 жылдың 05.01. санында мемлекет басшысының қоғамдық сенімнің ұлттық
кеңесінің екінші отырысында сөйлеген сөзі туралы «Созидательный диалог»
мақаласы жарияланды.
Сіздерді ағымдағы жылдың
аяғына дейін көрмемізді көруге шақырамыз. |