Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#Наурыз
19.03.2019

Тұсаукесер

Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл «ала жіпті аттамасын» деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолына ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнайы жыры бар. Мысалы: «Қаз-қаз балам, қаз балам, Қадам бассаң мәз болам. Тағы, тағы баса ғой. Тақымыңды жаз балам. Қаз, баса ғой қарағым, Құтты болсың қадамың» («Тұсаукесер» жыры). Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп жіпті көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп  ала жіптен де жасайды.

Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (қазақ, орыс ағылшын тілдерінде). – Алматы: Атамұра, 2015. – 224 бет + 48 бет жапсырма.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus