19 қарашадан бастап Әмбебап оқу залында Дүниежүзілік ЖҚТБ күрес күніне
арналған «ЖҚТБ – әлемді жалмар жалмауыз» көрме-үндеуі келушілердің назарына
ұсынылды. Дүниежүзілік ЖҚТБ күрес күні 1 желтоқсанда аталып өтіледі. Көрменің
мақсаты – АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесіне қатысты білімді насихаттау, саламатты өмір
салтына деген оң пікірді қалыптастыру.
Көрмеге кітапхана қорынан алынған орыс және қазақ тілдеріндегі білім беру
басқармасының мамандарына арналған «ВИЧ/СПИД и образование» ақпараттық жинағы,
иммунологтарға, вирусологтарға, көпшілік медицина қызметкерлеріне арналған «Азбука
СПИДа» анықтамалығы, терапевтерге, отбасылық дәрігерлерге және дипломнан
кейінгі дайындық және медициналық оқу орындары жүйесіне арналған «Занятия с
подростками по профилактике наркомании и ВИЧ/СПИДа», «АҚТҚ/ЖҚТБ» жаңа
медициналық анықтамалығы секілді басылымдар қойылған. Сондай-ақ студенттерге, әлеуметтік қорғау
қызметкерлеріне, психологтар мен жалпы оқырмандарға арналған әдебиеттер
қойылған.
Барлығыңызды жыл аяғына дейін жұмыс істейтін көрмемізді көруге шақырамыз. |