БЕКІТЕМІН
Қостанай облысы әкімдігі
мәдениет басқармасының
«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» басшысы ______________ С.С. Безаубек 2026 ж. «___» _____________
ҚАСЫМ ТОҒЫЗАҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША
КӨРКЕМСӨЗ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1. Осы Ереже Қасым Тоғызақов шығармалары бойынша өткізілетін көркемсөз байқауын ұйымдастыру тәртібін, қатысушыларға қойылатын талаптарды, бағалау өлшемдерін және жеңімпаздарды анықтау шарттарын белгілейді.
1.2. Байқауды ұйымдастырушы – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ.
1.3. Байқау офлайн форматта өткізіледі.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаты – қазақтың көрнекті ақыны, шебер аудармашы Қасым Тоғызақовтың әдеби мұрасын кеңінен таныту, оның поэзиясы мен дастандарындағы көркемдік, тарихи және рухани құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу.
2.2. Байқаудың міндеттері:
– жастардың ақын шығармаларына қызығушылығын арттыру;
– мәнерлеп оқу және жатқа айту дағдыларын жетілдіру;
– қатысушылардың сахна мәдениеті мен көркемсөз оқу шеберлігін дамыту;
– «Сібір Омар» дастанының мазмұнын терең меңгеруге ықпал ету;
– әдеби мәтінді түсіну, талдау және ой қорыту қабілетін дамыту.
3. Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға мектеп оқушылары, 16-22 жас аралығындағы арнайы орта білім беру және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.
3.2. Қатысушылар Байқауға алдын ала тіркеледі.
4. Байқауды өткізу тәртібі
4.1. Байқау екі кезеңнен тұрады.
І кезең – «Жыр жауһары»
4.2. Ұйымдастырушылар Қасым Тоғызақовтың бес өлеңін алдын ала ұсынады (2-қосымшада беріледі). Қатысушы олардың барлығын жатқа білуі тиіс.
4.3. Байқау барысында қатысушы қазылар алқасы таңдаған бір өлеңді жатқа, көркем әрі мәнерлеп орындайды.
4.4. І кезеңде келесі өлшемдер ескеріледі:
– өлең мәтінін толық әрі дұрыс жатқа айту;
– мәнерлеп оқу шеберлігі;
– дауыс ырғағы мен дикция;
– сахна мәдениеті;
– шығарманың мазмұны мен көңіл күйін жеткізе білу.
ІІ кезең – «Сібір Омар» дастаны бойынша әдеби сайыс
4.5. Қатысушылар «Сібір Омар» дастанын алдын ала толық оқып келеді (3-қосымшада беріледі).
4.6. Әр қатысушыға дастан мазмұны бойынша үш сұрақ қойылады.
4.7. Сұрақтар мазмұнды, кейіпкерлерді, оқиғалар желісін, тарихи және географиялық атауларды, негізгі идеяны және жекелеген эпизодтарды қамтуы мүмкін.
5. Бағалау тәртібі
5.1. Қатысушылардың өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалайды.
5.2. І кезең бойынша әр өлшем 1-ден 5 ұпайға дейін бағаланады. І кезеңдегі ең жоғары ұпай – 25 ұпай.
5.3. ІІ кезеңде қойылатын үш сұрақтың әрқайсысына берілген дұрыс әрі толық жауап 5 ұпаймен бағаланады. ІІ кезеңдегі ең жоғары ұпай – 15 ұпай.
5.4. Екі кезең бойынша жинауға болатын ең жоғары жалпы ұпай – 40 ұпай.
5.5. Жеңімпаздар екі кезеңнің қорытындысы бойынша жинаған жалпы ұпайға сәйкес анықталады.
5.6. Жалпы ұпай тең болған жағдайда І кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыға басымдық беріледі.
6. Қазылар алқасы
6.1. Қазылар алқасының құрамына ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, мәдениет және кітапхана саласының мамандары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары енгізіледі.
6.2. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және түпкілікті болып табылады.
6. Жеңімпаздарды марапаттау
7.1. Байқау қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын иегерлері дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен, қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.
7. Байқаудың өтетін орны мен уақыты
8.1. Өтетін күні: 2026 жылғы 13 қараша.
8.2. Өтетін орны: «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі 111.
8. Өтінім беру тәртібі
9.1. Байқауға қатысуға өтінімдер ұйымдастырушылар белгілеген мерзімге дейін қабылданады. Өтінімге үлгі 1-қосымшамен беріледі.
9.2. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 23.10.2026.
9.3. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 8-747-447-62-90., 8(7142) 500-322
Қасым Тоғызақов шығармалары бойынша
көркемсөз байқауын өткізу туралы Ережеге
1-қосымша
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
№ Мәлімет Толтырылады
1 Қатысушының аты-жөні
2 Туған жылы (жасы)
3 Оқу орны
4 Сыныбы/курсы
6 Байланыс телефоны
Күні: 2026 жылғы «____» ______________