Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Америка бұрышы» АРО

Қостанай ауданындағы семинар

 

28 наурызда Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Америка бұрышында Қостанай ауданы мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар болып өтті. Оқытушылар ретінде АҚШ елшілігі жанынан жұмыс істеген мұғалімдерге арналған бағдарламаны бітірген Божко Елена мен Шандецкая Нина баяндама жасады. Семинардың тақырыбы: «Сабақты дұрыс жоспарлаудың білім сапасына тигізер әсері». Семинар топтарға бөліп оқыту арқылы өткізіліп, өткізу барысында рөлдік ойындар мен практикалық сабақтар орындалды.

Шараға арналып «Жоспарлау өнері» тақырыптық көрмесі ұйымдастырылып, оған Халықаралық кітаптар бөлімі мен «Америка бұрышы» АРО алынған, сабақты басынан аяғына дейін қалай сапалы жоспарлау керек екендігін көрсететін әдебиеттер қойылды. 


Кітапханалық акция «Жазғы оқылым»

2015 жылдың 16 маусымында кітапханалық «Жазғы оқылым» акциясының ашылуы болды. 

  

Халықаралық кітаптар бөлімі мен Америка бұрышы ұйымдастырған кітап көрмесінде көркем безендірілген кітаптармен қатар келгендерге демалу-көңіл көтеру сипатындағы тілдік ойындар, қызықты балалар әдебиеті, шетел тілдеріндегі журналдар мен газеттер ұсынылды. Қостанай жерінде тату-тәтті тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің салттары мен дәстүрлері жайында жеке ақпарат ұсынылды.
Көрме жаз бойы жұмыс істейтін болады!
Сіздерді орталық Мәдениет және демалыс бағында күтеміз!
Келіңіздер!
Біздің кітаптарымыз тамаша демалуға және бос уақытыңызды пайдалы өткізуіңізге көмектесетін болады!


ҚР АҚШ елшілігінің өкілі Адрия Госнимен кездесу

14 маусым күні Л.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың Америка бұрышында ҚР АҚШ елшілігінің өкілі, менеджмент саласы бойынша маман Адрия Госнимен кездесу болып өтті. 


  

Кездесу барысында АҚШ жақында болатын Тәуелсіздік мерекесін тойлаудың тарихы, дәстүрі жайында әңгімеленіп, АҚШ білім алу мәселелеріне де біршама назар аударылды.


«Адам – жұмыс – жұмыс істету»

28 мамырда сағат 16.00 Америка бұрышы АРО «Адам – жұмыс – жұмыс істету» тақырыбымен кездесу өтіп, кездесу барысында келесідей тақырыптар: адамдардые еңбегін пайдалану, зорлықпен жұмыс істету, жыныстық құлдық, қарызға батыру, адамдарды ағзаларын сатып жіберу мақсатында ұрлау, сондай-ақ шетелге шыққанда және ел ішінде өзіңнің осындай жағдайларға түсіп қалмаудың амалдары секілді сұрақтар талқыланды. 

   

Дәрісті «Қазақстан жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қостанайдағы филиалының үйлестірушісі Косюк Александр Васильевич жүргізді. Кездесуге ЖОО мен колледждердің студенттері, оқытушылар, қала тұрғындары келді (18 адам қатысты).

Ұлыбритания, Нидерланды, Еуропа Одағы елшілерінің өкілдерімен кездесу 

21 мамыр күні сағат 18.30 Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Америка бұрышында Ұлыбритания, Нидерланды, Еуропа Одағы елшілерінің өкілдерімен мәдени-білім берушілік мәселелері бойынша кездесу болып өтті.
Кездесуге А.Байтұрсынов ат. ҚМУ, ҚМПИ тіл факультеттерінің студенттері, америкалық білім беру бағдарламасының түлектері, қала жұртшылығы қатысты.
Кездесу барысында А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры Д.М.Легкий Елшіліктен келген қонақтарға «Кустанай-Костанай: очерки истории» ( с 1936 по 2013 годы) кітабын сыйға тартты.



Ағылшын тілі: мектеп мұғаліміне көмегі көп шетел әдістемесі
Л.Толстой ат. кітапханада түрлі бағыттағы мол кітап қоры бар «Америка бұрышы» АРО жұмыс істейді. Әсіресе оның ағылшын тілін оқытуға арналған әдістемелік әдебиеттер қорын ерекше атап өтуге болады.
«Америка бұрышы» АРО оқытудың жаңа әдістері, ойын барысындағы ағылшын тілі, екінші тіл ретіндегі ағылшын тілі, академиялық хат, эссе, баяндама немесе шығарма жазу стилі туралы, TOEFL, IELTS, GRE, SAT тілдік емтиханға дайындық жасауға қажетті әдебиеттер мен басқа да көптеген пайдалы әдебиеттерді таба аласыздар.
Америка бұрышына мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мектеп мекемелеріне арналған әдебиеттер: көркем безендірілген сөздіктер, энциклопедиялар, атластар, жануарлар жайындағы кітаптар тұрақты түсіп отырады. Бұл сіздің сабағыңыздың ерекше, қызықты және танымды өтуіне тамаша мүмкіндік береді.
Сіздер «Америка бұрышы» АРО биология, астрономия, география элементтерін пайдалана отырып АҚШ тарихы бойынша аралас сабақтар немесе сыныптан тыс сағаттар өткізе аласыздар. Өзіңіздің де, оқушыларыңыздың да көңілінен шығатынына кепілдік береміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардан бастап түлектерге дейінгі кез келген жасқа лайықты түрлі ойындар (құрылымдаушы, елтану бойынша, логикалық ойлауды дамытуға арналған ойындар), көркем фильмдер жазылған DVD дискілер сыныптағы балалардың ынтымағын арттыруға, оқушылардың жалпы сауаттылығын дамытуға көмектесіп, ағылшын тілін үйренуге ынталандырады.
«Америка бұрышы» АРО ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған білім берушілік вебинарлар тұрақты өткізіліп отырылады және оған қатысушыларға ҚР АҚШ елшілігі беретін сертификаттар таратылады.

  

  


Америка бұрышы жұмысының мақсаты – Қостанай облысы аумағында тұрып жатқан Қазақстан және АҚШ халықтарының арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін екі ел арасындағы мәдениет алмасуды ұйымдастыру.

Америка бұрышы жұмысының міндеттері:

  • Қостанай облысының тұрғындарына АҚШ, оның Үкіметі, АҚШ халқының қоғамдық-мәдени құндылықтары мен қоғамдық дамуы туралы нақты ақпарат беру және Қазақстан туралы осындай ақпаратты АҚШ халқының өкілдеріне ұсыну. 
  • АҚШ Мемлекеттік департаментінің Қазақстандағы АҚШ елшілігі арқылы басшылық етуімен жұмыс істейтін бағдарламалардың көмегімен, Орталық Азияда ағылшын тілін дамыту орталығының, Қазақстандағы америкалық бағдарламалар түлектері қауымдастығының және АҚШ Мемлекеттік департаменті тағайындаған ұйымдардың көмегімен Америка бұрышының қызметін пайдаланушыларға қажетті қолдау көрсету.  
  • Америка бұрышында және интернет-кеңістікте орналастырылған ағылшын тіліндегі ресурстарды кез келген пайдаланушының тиісті мақсатта пайдалана алуын қамтамасыз ету.
  • АҚШ елшілігінің Америка бұрышына көрсететін түрлі қолдауларының мүмкіндігінше тиімді болуына көмектесу.   


«Америка бұрышы»
ақпараттық-ресурстық орталығы

  •   ағылшын тілін үйренуді,
  •   ағылшынша сөйлеу дағдыларын жетілдіруді,
  •   АҚШ білім алу мен мәдени байланыс орнату туралы жаңа ақпарат алуды,
  •   АҚШ электрондық кітапханаларының ресурстарын пайдалануды, 
  •   өзіңді ерікті ретінде көрсете білуді,
  •   бос уақытыңды қызықты да пайдалы өткізуді,
  •   Қазақстанда және АҚШ жаңа достар табуды ұсынады.

    «Америка бұрышы» ақпараттық-ресурстық орталығының жұмысы туралы ереже



ХАБАРЛАНДЫРУ

Барлық тілек білдірушілерді Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірлесе отырып Орталық Азия ағыдшын тілін дамыту кеңсесі мен Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Америка бұрышы» ақпараттық-ресурстық орталығы ұйымдастырған ағылшын тілін үйренуге арналған вебинарларға қатысуға шақырамыз. Вебинарлардың жүргізушілері-АҚШЖОО оқытушылары.

Өткізу уақыты: сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін.

Өткізу орны: Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Америка бұрышы» АРО

Вебинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілетін болады.


Наши Интернет-ресурсы:

www.facebook.com/ACKostanay

www.amcorners.kz

http://vk.com/ac_kostanay


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ