Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жадыңнан кетпес жаңғырық» патриоттық кеші.
16.02.2015
Л.Толстой ат. ОӘҒК Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері 2015 жылдың 9 ақпаны мен 15 ақпаны аралығында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 26 жыл толуына орай Ауған соғысы жауынгерлерімен бірқатар кездесу ұйымдастырды. Шара барысында 6697 әскери бөлімінің жауынгерлерімен, облыстың ІІД жанындағы оқу орталығының тыңдаушыларымен, Қостанай қ. №5 ОМ кадет сыныбының оқушыларымен кездесулер өткізілді.
Ауғанстан соғысы біздің тарихымыздың бір бөлігі болып қалатын болса, оған қатысқандар өзіміздің замандастарымыз. Сол жерде тоғыз жылдан астам уақыт бойы Отанымыздың үздік ұландары еліне қызмет етті. Олардың барлығы құрметке лайық, себебі олардың әрқайсысы Антқа адал болып, өздерінің әскери және интернационалдық борыштарын абыроймен орындап шықты.
Аталған шара жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық және азаматтық сананы қалыптастыруға, соғыстарда болған барлық ардагерлерге құрметпен қарауды сіңіруге бағытталған. Шараға қатысушыларға «Афганистан. Спрятанная война» деректі фильмі мен патриоттық әндерге түсірілген соғыс жайындағы бейнебаяндар көрсетілді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ