Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Расул Ғамзатов. Менің Дағыстаным. Тұжырым» фильмінің көрсетілімі
22.09.2014

22.09 жиналыс залында дағыстандық ақын Расул Ғамзатовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Расул Ғамзатов. Менің Дағыстаным. Тұжырым» деректі фильмінің көрсетілімі болды. 

Көрсетілімнің басында Д.А. Дауренбекова Каспийск қ. «Москва» кинотеатрында болған фильмнің көрсетілімі жайында айтып берді. Фильмнің көрсетілімі ақынның туған күні болып, оған Дағыстан Республикасының басшысы Рамазан Абдулатипов, Дағыстанның зиялы қауымы қатысты.  Фильмді жасауға қатысқандардың барлығына Рамазан Абдулатипов өзі алғысын білдіріп, өз қолымен сыйлықтар табыс етті. Фильмнің көрсетілімі Дағыстандағы ірі мәдени оқиға болды.

Фильмді қарап болғаннан кейін шараға шақырылған қостанайлық ақындар фильмге қатысты ойларын ортаға салысып, өздерінің пікірлерін білдірісті және фильмге жоғары баға берісті.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ