Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Көсемсөзші Қайрат Бегалинмен кездесу
19.02.2014

Зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатымен облысымызға белгілі қазақстандық автор Қайрат Бегалин келді. Оның қаламынан «Алтын Орда хандары», «Сүбедей баһадүр», «Естемі қаған», «Бату хан», «Колесящие», «Мәмлүктер» секілді кітаптар дүниеге келген. 12.02 қонақжайда Қайрат Исламұлының оқырмандармен кездесуі болып, кітапхана директоры Г.Казина қонақты кездесуге келгендермен таныстырып өтті. Автордың айтуынша, оның кітап жазуына халық ауыз әдебиеті үлгілерінің: дастандар, жырлар, толғаулар, әндер, аңыздар, ертегілер, оқиғалардың тигізген көмегі орасан зор болған. Оларды автор еліміздің қай өңірінде болса да жинап жүретінін жеткізді. Тарихи деректер жинау мақсатында ол Қазанда, Уфада, Қытайда болып қайтқан. Қонақтың әңгімесі А.Байтұрсынов ат. ҚМУ тарих факультеті магистранттарының ерекше қызығушылығын туғызды, авторға сұрақтар қоя отырып жастар дерек көздері бойынша өздерінің дәлелдерін де келтірді. Қатысушылардың назарына автордың кітаптары, кітапхана қорындағы ол туралы жазылған мақалалар мен материалдар қойылған «Тарихшы-публицист Қайрат Бегалин» атты кітап көрмесі ұсынылды.    


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ