Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Елдің күші – халықтың бірлігінде
18.04.2018

16 сәуір мен 11 мамыр аралығында Әмбебап оқу залында көктемнің керемет мерекесі Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан болашағы – халықтар бірлігінде» кітап көрмесі жұмыс істейді. Бұл мереке елімізде түрлі ұлттардың өкілдері өзара тату-тәтті және келісімде өмір сүретінін көрсететін символдық мерекелердің біріне айналды. Ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісімді сақтау тәуелсіз Қазақстанның ең басты және даусыз жетістіктерінің бірі. Ұлттық бірлікті нығайта түсу еліміз бен халқымыздың жемісті болашағының кепілі болып қалып отыр.

Оқырмандар назарына ұсынылған экспозицияның «Қазақстан халқының ассамблеясы – бірліктің, келісім мен достықтың белгісі» және «Адамдар достығы – тілдер достығы» бөлімдері ассамблеяның құрылуы мен дамуы туралы, ұлттық мәдени орталықтар мен олардың Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың ұлттық кейпін сақтап қалу жолында атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндайды.

Құрметті оқырмандар, сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз және біздің кітап көрмемізді көруге шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ