Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Еңбек адамы – ел мақтанышы»
28.02.2018
27 ақпанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтынсарин» ЖШС директоры Борис Павлович Князевпен кездесу болып өтті.
Қуатты ауыл шаруашылығы кәсіпорнына, республикамыздағы ең табысты, ілгерішіл және астық өсіріп қана қоймай, мал шаруашылығымен де айналысатын алдыңғы қатардағы шаруашылыққа жетекшілік ететін ірі бизнесмен. Тамаша ұйымдастырушы, елінің адал азаматы. Жоғары сапалы астық өсірудің сырын игерген білікті диқан. Үнемі ізденіс үстінде жүретін, жаңалықты енгізуге жаны құмар, ғылым мен техника жетістіктерін бірінші болып қолданатын жаңашыл жан. Борис Павлович өз ауылының шынайы жанашыры.
Борис Павлович өзінің тәжірибесін ортаға салып, өскелең ұрпаққа өзінің ақыл-кеңесін берді. А. Байтұрсынов ат. ҚМУ студенттері мен Қостанай ауыл шаруашылығы және Қостанай политехникалық колледжінің оқушылары қойған сұрақтарға жауап берді. Шара барысында «Алтынсарин» ЖШС туралы бейнефильм көрсетілді.
Кездесуге келгендерге Б. П. Князевтің жеке марапаттары мен грамоталары, кітаптар мен мерзімді басылымнан алынған материалдар қойылған кітап көрмесі көрсетілді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ