Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сарыкөлдегі жастар жиыны
20.10.2017

Сарыкөл ауданында «Жастар. Ауыл. Жаңғыру» атты ауыл жастарының форумы болып өтті.   Алқалы жиында өздерінің туған өлкесін гүлдендіруге елеулі үлес қосып жүрген жалынды жастарға құрмет көрсетілді.  Осы форумның аясында еліміздің білікті сарапшылары 300-ден астам жастарға арнайы семинар өткізді.

Өңіріміздің мақтанышына айналған Еңбек Ерлері Сайран Бұқанов пен Алмат Тұрсынов та аталмыш шараға қатысып, жастарға жылы лебіздерін білдірді. Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұйымдастырған  «Біздің заманымыздың мақтаныштары» атты кітап көрмесі шараның ажарын аша түсті. Көрмеге кітапхана қорындағы Социалистік Еңбек Ерлері -  Кәмшат Дөненбаева,  Алевтина Кузьмина, Еңбек Ерлері - Сайран Бұқанов, Борис Князев,  Алмат Тұрсыновқа арналған кітаптар, әр жылдары мерізімдік басылымдарда жарияланған мақалалар, көрсеткіштер, фотосуреттер қойылды. Көрмені тамашалаған Еңбек Ерлері дән риза болып, кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ