17 сәуірде Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада бейкоммерциялық «PrataMartis» әдеби-көркем журналының тұсаукесері болып өтті. Залға жиналған қостанайлық белгілі әдебиетшілер, ҚМУ мен ЧелМУ қостанайлық филиалының студенттері журналдың тарихымен, онда қандай материалдардың жарияланатынымен және оның қай жерлерде таралатынымен танысты. «PrataMartis» журналының тұрақты авторлары В.А. Лоскутников, Н.Ф. Кочин және О. Дубиковская өздерінің шығармашылықтары жайында және жазғандарын неге осы журналда жариялайтындары, бұл басылым несімен қызықтыратын туралы айтып берді.
Шара соңында журналдың бас редакторы А.В. Олексюк келгендердің барлығына қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдіріп, олардың ішінен «PrataMartis» журналының жаңа оқырмандары, тіпті жаңа авторлары шығып қалуы мүмкін деген үмітін жеткізді.