Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Наурыз – бірлік пен достықтың мерекесі
18.03.2017

           Көктем мерекесі Наурыз мейрамын қарсы алған Халықаралық кітаптар бөлімі «Барлығымыз қолымыздан ұстайық, бір отбасының баласына ұқсайық» атты мерекелік этношоу өткізді.

Наурыз – халқымыздың басты мерекесі, бірлік пен амандықтың, еңбек пен зейнеттің, бейбітшілік пен достықтың мерекесі, оны Қазақстанның барлық жерінде, барлық ұлт өкілдері атап өтеді. 

Шара барысында домбырадан көңілді күй төгіліп, Қазақстан халқының тілдерінде әндер орындалды. 

Әсіресе қатысушыларға «Эребуни» армян қауымы төрағасының орынбасары Р.Р.Геворгянның жетекшілік етуімен орындалған «Шалахо» армян биі ерекше ұнады. Оны Армениядан келген қонақ Тереза Меликан орындады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ