Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Наурыз – көктем мен молшылық мерекесі»
18.03.2017

Абонементтер бөлімінде оқырмандар назарына Наурыз мейрамына арналған мерекелік көрме-инсталляция ұсынылды. 

Кітаптардан жасалған киіз үй көрменің басты ерекшелігі болды. Көрмедегі ұлттық бұйымдар: домбыра, дорба, көрпешелер, сондай-ақ керамикалық панно, кәдесыйлар мен басқа да көптеген бұйымдар қазақ халқына тән ортаны бірден еске түсіреді.  

Көрмеге қойылған заттардың көптігі Наурыз мейрамы туралы, қазақ халқының мәдениеті, дәстүрі мен салты туралы толық ақпарат береді. «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабы ерекше назар аударуға тұратын басылым. Безендірілмелі «Қазақ киімі» альбомы, сондай-ақ белгілі жазушы К.Сегізбайұлының «Казахская национальная кухня. Традиции казахского дастархана» зерттеуі де қызықты басылымдар болып табылады.

Наурыз мейрамын өткізуге арналған байқаулар мен көңіл көтерулерді «Армысың, әз-Наурыз!», «Той» жинақтарынан және т.б. табуға болады.

Көрме-инсталляция 2017 жылдың 31 наурызына дейін жұмыс істейтін болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ