10 наурызда Жітіқара аудандық кітапханада қазақ халқының салты мен дәстүрін көрсеткен «Кітаптан жасалған киіз үй» атты көрме-инсталляция ұйымдастырылды.
Көрме ежелден келе жатқан ұлт мерекесі – Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған, оған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Народные игры», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Национальная кухня», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына» жайындағы және т.б. кітаптар қойылған. Кітапхана оқырмандары көрмемен наурыздың 10 мен 24 аралығында таныса алады.
http://zhiti-bibliotek.ucoz.ru/news/novosti/2017-03-06-99