Сирек кітаптар қоры француздың атақты ақыны және жазушысы Виктор Гюгоның 215 жылдығына орай оның көзінің тірісінде шығарылған басылымдармен танысуға шақырады.
Оқырмандар назарына В.Гюгоның француз тілінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында Парижде басылып шыққан атақты «Notre-DamedeParis» («Собор Парижской Богоматери»), «L'Homme qui rit» («Человек, который смеётся»), «LesMiserables» («Отверженные»), «L’Annéeterrible» («Грозный год»), «L’Artd'êtregrand-père» («Искусство быть дедом»), «AlpesetPyrénées» («Альпы и Пиренеи») романдары ұсынылады.
Көрмеге сондай-ақ В.Гюгоның қазақ және орыс тілдерінде шыққан шығармалары қойылған.