Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздік – біздің басты игілігіміз» атты тақырыптық кеш.
02.12.2016

25, 29 және 30 қараша күндері өнер туралы әдебиеттер бөлімі Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жиналыс залында Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, ҚР ІІМ оқу орталығының тыңдаушылары және Қостанай облысы бойынша шекара басқармасының қызметкерлері үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздік – біздің басты игілігіміз» атты тақырыптық кеш өткізді.  Оларға Елбасының өмірлік жолын баяндайтын, тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерді көрсететін, оның бастамасымен қоғам өмірінің барлық саласында жүзеге асырылған реформалар туралы, еліміздің гүлденуіне негіз болған экономикалық және саяси қайта құрулар жайындағы бейнефильмдер көрсетілді. Сондай-ақ танымал саясатшылар мен ірі мемлекет басшыларының оның көрнекті саяси қайраткер екендігі және Нұрсұлтан Әбішұлының әлемдік саясатқа қосқан үлесі туралы айтқан пікірлері берілді. Елбасы жайындағы әңгімелер оның өзі жақсы көретін «Үш қоңыр», «Родина моя»  әндерімен және басқа да патриоттық әндермен сүйемелденді.  

Бұл шаралардың мақсаты – жастардың мемлекет басшысына деген құрметін қалыптастыру, отансүйгіштікті, елін мақтаныш ету сезімін, туған жері мен туған өлкесін сүюді тәрбиелеу. 

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ