12 ақпанда Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада Е.Өмірзақов ат. облыстық филармонияның әншісі Гүлбану Абдулинамен және филармонияның концертмейстері Ботагөз Биғабыловамен шығармашылық кездесу болып өтті.
«Музыкаға деген махаббат» тақырыбымен өткен кездесу Гүлбану Сұлтанқызының шығармашылықпен айналысқанына 25 жыл толуына арналды. Осы бір ширек ғасыр қызықты еңбекке, жетістіктер мен шығармашылық табыстарға толы болды. Жауапкершілік, өзіне деген талапшылдық, репертуарды ойланып барып таңдау қостанайлық орындаушының Қазақстан Республикасындағы вокалдық мектептің ең жарқын өкілдерінің қатарынан орын алуына және оны жақын да алыс шетелдің үздік деген концерт алаңдарында лайықты көрсетуіне мүмкіндік берді.
Әншінің репертуарында қазақ, орыс, еуропа композиторларының шығармалары, қазіргі кездің және халық әндері бар. Алайда музыка мен поэзияның ғажайып үйлесімінен туатын романстар оның жанына ең жақын дүние болып табылады. Кітапхананың қонақжайы тамаша әншінің талантын қастерлеушілерге толы болды.
Гүлбану Сұлтанқызы аудиториямен емен-жарқын әңгімелесіп, олардың көптеген сұрақтарына жауап берді және кездесу соңында жақсы көретін бірнеше романстарын асқан шеберлікпен орындап берді.