Жыл басынан бері қонақжайда Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Берекелі бай өңір» кітап-құжат көрмесі жұмыс істейді.
Көрме жанында ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен, тарихшы-өлкетанушылармен, қостанайлық авторлармен кездесу өткізу игі дәстүрге айналды. 10.02 «Оқымыстылар ортамызда» клубы жұмысының аясында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Ақылбек Шаяхметтің ашық дәрісі болды.
Кездесу басында аталған көрмеге шолу өткізілді, оған қойылған материалдар шараға қатысқан Қостанай облысы ІІД оқу орталығының оқытушылары мен студенттерінің зор қызығушылығын тудырды.
Дәріс барысында Ақылбек Қожаұлы облыс тарихына қатысты өзінің пікірін білдіріп, атақты жерлестеріміздің өміріне қатысты нақты деректер келтірді және қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында облысымыздың инновациялық дамуы жайындағы бейнефильм көрсетілді.