Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Алғашқы абайтанушы Қайым Мұхамедханов
02.02.2016

22.01 «Оқымыстылар ортамызда» клубының жұмысы аясында   белгілі ғалым, абайтанушы, мәтінгер, ҚР ЖО мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған ашық дәріс өтті.

 ҚМПИ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Есергепова Кенжегүл Қабылғазықызы Қайым Мұхамедхановпен болған кездесуін есіне алып, мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығы жайында айтты.  

Облыс орталығының ЖОО филология факультеттерінің студенттері мен оқытушылары «Таңшолпан» республикалық телеарнасының абайтанушының мерейтойына арнап дайындаған «Қазақтың қайтпас қайсар Қайымы» деректі фильмін үлкен қызығушылықпен қарады. Сондай-ақ «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» тақырыптық сөресіне қойылған Қайым Мұхамедхановтың 10 томдық шығармалар жинағы мен жазушы жайындағы әдебиеттер де қонақтардың назарын  ерекше аударды.    

Студенттер қызықты кездесу үшін алғыстарын білдіріп, атақты ғалым туралы алғаш рет естіп отырғандарын жеткізді. Осылайша, кітапхана клубтары өз оқырмандарына жаңа есімдерді таныстыруды одан ары жалғастырды. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ