«Жүрегі шуақ, жаны жыр, сегіз қырлы, бір сырлы- азамат»
08.04.2015
Ақын, ғалым Серікбай Оспанұлының 70 – жылдық мерейтойына орай Л.Толстой ат. ОӘҒК «Жүрегі шуақ, жаны жыр, сегіз қырлы, бір сырлы- азамат» атты мәдени шара өтті. Кешке ақынның сыныптас достары И.Естаев, Ү.Темірханов, ҚМПИ қазақ және орыс филологиясы факультеті деканы К.Қабылғазықызы, қаламдас әріптестері қатысып, ақынның шығармашылық жолдарына тоқталып, ыстық лебіздерін білдірді. Филармония әртістері, «Ақ дариға» ардагерлер ансамблі әншілері, театр әртістері мен ҚМУ, ҚМПИ, педагогикалық колледжінің студенттері, №14 бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, кешке келген қонақтардың көңілінен шықты. Көрмеге 85 басылым және өзінің қолынан жасалған қолөнер бұйымдары қойылды.