«Кітапхана қызметін басқарудың заманауи тәсілдері: 2027 жылға арналған басымдықтар, жобалар және даму міндеттері»
27.11.2026
2026 жылғы 27 қарашада «Кітапхана қызметін басқарудың заманауи тәсілдері: 2027 жылға арналған басымдықтар, жобалар және даму міндеттері» тақырыбында онлайн «Басшылық мектебі» өтті.
Іс-шараға Қостанай облысының орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары, директорлары мен әдіскерлері қатысты.
Кездесу барысында кітапхана саласын дамытудың өзекті мәселелері, Қазақстан кітапханалық одағының қызметі, «Кітапхана және кітап басып шығару ісі туралы» Заң жобасы және оқу мәдениетін насихаттау тұжырымдамасы қарастырылды. Қатысушылар кітапханаларды жаңғырту және «Қазақстан халқына» қорының бастамасын іске асыру тәжірибелерімен бөлісіп, облыс кітапханаларының Instagram аккаунттарына жүргізілген талдау нәтижелерін және Кітапханаларды дамыту бөлімінің 2027 жылға арналған негізгі жұмыс бағыттарын талқылады.
Кездесу кәсіби диалог құруға, тәжірибе алмасуға және өңір кітапханаларын дамытудың басым міндеттерін айқындауға арналған маңызды алаңға айналды.