Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» виртуалды акциясын ұсынады.
Мәриям Хакімжанованың «Мен қазақтың қызымын» өлеңі қазақ қызының ұлттық болмысын, рухани байлығын, ар-намысы мен қайсар мінезін асқақтата жырлаған туынды. Ақын өлең арқылы қазақ әйелінің бойындағы тектілік пен парасатты, елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық мақтаныш сезімін көркем жеткізеді. Шығарма жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, ана тілін ардақтауға және өз халқының лайықты перзенті болуға үндейді.
Назарларыңызға Сейдахметова Айнұр оқыған Мәриям Хакімжанованың «Мен қазақтың қызымын» өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/DJ2FB64__SE