Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Айтқаны қазақ үшін – Темірқазық»
23.11.2026

23 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті қазақ жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Айтқаны қазақ үшін – Темірқазық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге жазушының «Аңыздың ақыры», «Ұмытылған жылдар балладалары», «Шыңырау», «Үркер», «Мартовский снег» және басқа да танымал шығармалары қойылды. Бұл кітаптар оқырмандарға Қазақстанның өткен тарихын тереңірек түсінуге, ұлттық салт-дәстүрлермен және халқымыздың рухани әлемінің байлығымен танысуға мүмкіндік береді.

Көрме экспозициясын жазушының әдеби шығармашылығына, қоғамдық жұмысына және ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан зор үлесіне арналған мақалалар мен материалдар толықтырады.

«Айтқаны қазақ үшін – Темірқазық»кітап көрмесі оқырмандарды Әбіш Кекілбаевтың сан қырлы шығармашылық мұрасымен танысуға, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне тереңірек үңілуге және көркем сөз өнерінің мәңгілік құндылығына тағы бір мәрте көз жеткізуге шақырады. Көрме көркем әдебиетке, өлкетануға және туған өңірінің тарихына қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға қызықты болмақ.

#ЗерделіҰлт,

#КітапОқитынҰлт

#kostanay

#kst


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП