20 қарашада «ДоРеМи» музыкалық клубы М. Қарабаев атындағы Қостанай облыстық оңалту орталығында көшпелі концерттік бағдарлама өткізді.
Клуб мүшелері көрермендерге жан жылуына толы нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл кеште сахна төріне көтерілген вокалистер көпшіліктің сүйікті әндерін орындады. «Подарю тебе счастье», «Махаббат» және «Жан гүлім» сынды әсерлі әндер көрермендердің жүрегін тербеп, әрқайсысының көңілінен шықты және ыстық ықыласына бөленді.
Кездесу шынайы жылулыққа толы болып, әдемі музыканың әртүрлі ұрпақ өкілдерін біріктіретін ерекше күшке ие екенін тағы бір мәрте көрсетті. «ДоРеМи» ұжымының өнерпаздары нағыз музыка үшін ешқандай шекара жоқ екенін дәлелдеді.