Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Волшебный миг рождения строки»
19.11.2026
19 қарашада Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ-нде қостанайлық ақын, прозашы және педагог Александра Ильинична Сусловамен әдеби кездесу өткізді.
Кездесуді жүргізген А. В. Олексюк отырысты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, зияткерлік әлеуетті дамытуға және кітапты білім мен рухани дамудың маңызды қайнар көзі ретінде насихаттауға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы туралы ақпараттан бастады. «Кітап оқитын ұлт» жобасы туралы әңгімені осы жобаның менеджерлерінің бірі болып табылатын Б. А. Дүйсембаева жалғастырды.
Александра Ильинична әдебиет, шабыт көздері және кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. Автордың өзінің өлеңдерін оқуы кездесудің сәнін келтіріп, іс-шараға ерекше реңк берді. Сонымен қатар студенттер бейнероликтер көріп, А. И. Суслованың өлеңдеріне жазылған әндерді тыңдады. Кездесуге қатысушылар ақынға сұрақтар қойып, оның шығармашылық жоспарлары туралы және қазіргі кездегі әдеби үдеріске қатысты көзқарасын білді.
Мұндай кездесулер кітап оқуды ілгерілетуге ықпал етеді, жастарды жергілікті авторлардың шығармашылығымен таныстырады және кітапхана, оқу орындары мен Қостанай әдеби қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП