«Сенің өмірің – сенің таңдауың»
12.11.2026
12 қараша күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қостанай колледжі» мекемесінде «Сенің өмірің – сенің таңдауың» атты викторина өткізді. Аталған іс-шара ТМД елдеріндегі Денсаулықты қорғау жылы аясында ұйымдастырылды.
Студенттер үшін өткізілген викторина-таныстырылым барысында адамның денсаулығы мен өмір сапасына кері әсерін тигізетін зиянды әдеттер туралы сұрақтар қойылды. Қатысушылар түрлі әдеттерге тәуелділіктің алдын алу жолдарын белсенді талқылап, бос уақытты тиімді өткізудің пайдалы баламаларын таңдады, салауатты өмір салтына қатысты интерактивті сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында белсенділік танытқан студенттер естелік сыйлықтармен марапатталса, барлық басқа қатысушылар пайдалы ақпарат алды.