«Тамаша түйсік»
11.11.2026
11 қарашада Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі эмпатияны дамытуға, денсаулығының әртүрлі ерекшеліктері бар адамдардың қажеттіліктерін түсінуге және таптаурынды жоюға бағытталған «Тамаша түйсік» атты инклюзивті ойын өткізді.
Сенім мен достыққа негізделген жылы қарым-қатынас жағдайында іс-шараға қатысушылар өздерінің қабілеттерін (есту, сипап сезу, есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін) танытып, өзара тең дәрежеде сайысқа түсті, тіпті жекелеген тапсырмаларда басымдыққа да ие болды.
Барлық кезеңдерден өткеннен кейін қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, қоршаған ортада кедергілер болған жағдайда ең қарапайым әрекеттердің өзі қаншалықты қиынға соғатынын атап өтті. Ойынға қатысушылардың басым бөлігі бұл іс-шараның мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарына деген көзқарастарын түбегейлі өзгерткенін мойындады.