Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Халық әртісі Серке: ұлттық театрдың тірегі»
11.11.2026
Облыстық кітапхананың өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Қостанай облыстық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығында қазақ театры мен кино өнерінің көрнекті өкілі, сахна саңлағы, КСРО және Қазақ КСР халық әртісі Серке Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Халық әртісі Серке: ұлттық театрдың тірегі» атты мазмұнды әрі тағылымды іс-шара өткізді.
Кітапханашылар көрермендерге өнер иесінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы қызықты әрі мазмұнды әңгіме ұсынды. Кездесу барысында оның ұлттық театр өнерінің қалыптасуы мен дамуына, жас талантты актерлердің жаңа буынын тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесіне ерекше тоқталды.
Қонақтардың назарына оның әйгілі сахналық қойылымдарынан үзінділер мен мұрағаттық хроникалар көруге мүмкіндік берген Серке Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылы туралы қызықты бейнематериалдар ұсынылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП